Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы медициналық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың ғылымы бойынша рейтингтік бағалаудың қорытындысын шығарды

1118 1

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы медициналық жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-ұлттық орталықтардағы ғылыми, инновациялық жұмыстардың 2017 жылғы көрсеткіштері бойынша рейтинг бағалау қорытындысын шығарды.

Бағалау кезінде келесі негізгі индикаторлар есептелді: орныдалған ғылыми зерттеудің көлемі, ғылыми мақала саны, сілтеме жиілігі, патент пен ғылыми жұмысты тіркеу ғылыми еңбек нәтижесін коммерциализациялау, халықаралық конференцияларға қатысу.

Жүргізілген талдау нәтижесінде Қазақстан медициналық жоғарғы оқу орындары арасынан 1 – орынды Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, 2 - орынды Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, 3 – орынды Қазақ медициналық үздіксіз білім беру  университеті иеленді.

Клиникалық профилді ғылыми-зерттеу институтында / ғылыми орталықлардағы медицина ғылымының даму көрсеткіштері ең жоғарғысы - Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты – 1 орын, Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы – 2 орын, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты - 3 орынды жеңіп алды.

Берілген баға медициналық ғылым мен медициналық ЖОО ұйымдарын ранжирлеу әдістемесі туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылғы 12 шілдедегі №404 бұйрығымен бекітіліп, 2015 жылы индикаторлары ғылыми және инновациялық қызметті бағалау алгоритмімен нақтыланған ранжирлеу әдістемесіне сәйкес жасалды.

Медициналық ЖОО мен ғылыми ұйымдардың жыл сайынғы ұлттық рейтингісін жариялау 2016-2019 жылдардағы «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстандық ғылыми ұйымдардың бәсекеге  қабілетті, қызметінің ашық болуына  арттыруға бағытталған.

Инновациялық және медицина ғылымының дамуы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының бір бағыты екенін өздеріңіз білусіздер. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік бағдарламаның жобасын еңгізу аясында  «Медициналық білім мен ғылымды жаңғырту» жобасы да іске қосылды. Оның ішінде «Медициналық ғылымын дамыту» қосалқы жобасы бар еді. Оның мақсаты денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігін және қажеттілігін арттыру болып табылады.

20.04.2018, 00:17
543 қаралым