«Денсаулық сақтаудағы цифраландыру» тақырыбындағы олимпиада

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және денсаулық сақтау» кафедрасында 2019 жылдың 26 сәуірінде «Жалпы медицина» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары 3 курс студенттері арасында «Денсаулық сақтаудағы цифраландыру» тақырыбында олимпиада өткізілді.

1387 1

Олимпиаданың мақсаты: Цифрландырудың дамуы мен енгізілуін ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесінде тиімді жұмыс істеу үшін қажетті мамандардың білімін, дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру.

1387 2

Олимпиада 4 кезеңнен тұрды. I кезең «Интеллектуалды ойын» командалар ұпайлар бойынша сұрақтарды таңдап бір минут көлмінде жауап берді, II кезең «Денсаулық сақтаудағы мәселелер және шешімдер» атты айналымда командалар жағдайлық есептерді және логикалық сұрақтарды шешті, ІІІ кезеңде «New project» әрбір команда өздерінің жобаларын «денсаулық сақтаудағы цифрландыру» тақырыбында ұсынды, IV кезеңде «Британ-парламентаралық» форматындағы пікірталастың тақырыбы «Бұл палата жетекші аурулардың цифрлық ақпаратын мұрағаттау дұрыс деп есептейді» түрінеде өткізілді. Топты тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Нәтижесінде «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттері жеңіді.

Семинарда студенттер ерекше қызығушылық танытты және кері байланыс орнатылды.

1387 3

1387 4

1387 5

13.05.2019, 05:10
357 қаралым