«Әдебиет – өнердің бір саласы»

2022 жылдың 11 қараша күні № 5 ғимараттың № 311 дәрісханасында, Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының қазақ тілі пәнінің оқытушылары Ж.С. Сарымсакова мен Ү. Ш. Ахбанбетованың ұйымдастыруымен МІҚ-9.03-22,МІҚ-9.04-22 топтарына «Әдебиет – өнердің бір саласы» атты түрлі этнос өкілдерінің арасында қазақ ақын-жаушыларына арналған ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Әдебиет – олда көркем өнер. Көркем өнердің сәулеті, мүсіншісі, сурет,музыка сияқты түрлері болады. Көркем әдебиет адамның тілімен берілетіндіктен, өнердің барлық түрінің әсерін тудыра алады. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» деп Абай айтқандай, көркем әдебиет бізді адам өмірі, әлемнің сырлары, табиғат келбеті туралы көрінетін және көрінбейтін ұғымдармен сусындата алады, ішкі сезімді, аңғарып, сезінуге үйретеді.
Көркем әдебиеттің әр түрін жақсы танып – білген адамның көркем шығарманы дұрыс түсінуге дайындығы болады.

Ашық тәрбие сағатына кафедра оқытушылары А. А. Исабекова, Г. С. Абирова, Г.Қ. Алтынбек, А. Сәтбаева қатысты.

 

14.11.2022, 18:05
434 қаралым