Дарынды адам барлық істе дарынды!

Дарынды адам кез-келген істе кедергілерді емес, мүмкіндіктерді көреді. Бұл адам немен айналымпасын, барлығына қызығушылықпен қарайды. Және ол өте жақсы жұмыс жасайды. Сондай адам Коротков В.А. фармацевтика ғылымдарының кандидаты, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының аға оқытушысы. Ол біздің ЖОО үздік бітіріп, ҰФаУ аспиранты ретінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады, үлгілі отбасылы, үш бала тәрбиелеуде. Владимир Андреевич белсенді өмірлік ұстанымын ұстанады: кафедрада ағылшын тілінде сабақ жүргізеді, ғылыми жұмыстармен айналысады. Коротков В.А. алдына нақты мақсат қоя біледі, сондықтан өз мойнына алған жұмыстарын табысты аяқтайды. 

1130 1

Кезекті рет ол 24.03.2018 ж. Қазақстандағы Өзбекстан жылына арналған мерекеге орай ұйымдастырылған алғашқы халықаралық велошеру жарысында белсенділік танытып, өз өнерін көрсетті. Велошеру Өзбекстан астанасы – Ташкенттен басталды. Ресми бөлімнен кейін Коротков В.А. велошеру қатысушыларымен «Жібек жолы» кедендік шекаралық пунктінен ешқандай кедергісіз өтіп, Шымкент қаласына қиындықсыз жетті. Кешкі сағат алтыда қатысушыларды ОҚО әкімі Ж.Түймебаев пен Қазақстан велоспорты федерациясының вице-президенті Райымбек Батталов қарсы алды. Іс-шара соңында барлық қатысушылар белсенді қатысқаны үшін дипломдарымен марапатталды.

1130 2

Владимир Андреевич, сізді еңбек сіңірген жеңісіңізбен және табысыңызбен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, жұмысыңызда жетістіктер, жарқын жеңістер тілейміз!

26.04.2018, 06:29
293 қаралым