Дәрілер технологиясы секциясы: ізденулер және шешімдер

2023жылдың 6-8 желтоқсаны күндері аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында ұйымдастырылған «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің X-шы халықаралық ғылыми конференциясында Дәрілер технологиясы кафедрасы атсалысып, өз үлесін қосты. 7-Желтоқсан күні «Ізденулер және шешімдер» тақырыбындағы секцияда барлығы 27баяндама тыңдалып, үздік деп танылған жұмыстар марапатталды. 8 баяндама онлайн форматта, 19 баяндама оффлайн тыңдалған бұл секциялық отырыста:
- Өзбекстан, Абу Али Ибн Сина атындағы Бухара мемлекеттік медициналық институтынан;
- Ресей, Мәскеу, И.М.Сеченова атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университетінен;
- Өзбекстан, Ташкент, Ташкент фармацевтикалық институтынан;
- Ресей, Уфа, Башқұрт мемлекеттік медициналық университетінен;
- Ақтөбе, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінен;
- Алматы, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінен;
- Қарағанды, КЕАҚ Қарағанды медициналық университетінің «Фармация мектебінен»;
- Шымкент, Физика-математика бағытындағы Н.Ә.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінен;
- Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынан студенттер, магистранттар мен докторанттар өз тақырыптарындағы ғылыми ізденіс нәтижелерімен бөлісті

13.12.2023, 14:15
325 қаралым