Дәрілер технологиясы: ізденулер және шешімдер

2022 жылы 8-9 желтоқсанда «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің IX халықаралық ғылыми конференциясы аясында офлайн және онлайн форматтарда "Дәрілер технологиясы: ізденулер және шешімдер" секция мәжілісінің жұмысы өтті
Секция мәжілісіне "Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Украина Ұлттық фармацевтика университеті, Абуали Ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті, Ташкент фармацевтика институты сияқты ҚР және жақын шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докторанттары қатысты.

Сонымен қатар, секция мәжілісіне дәрілер технологиясы кафедрасында "Экстракциялық препараттар технологиясы" пәні бойынша жобалық-бағытталған оқытуды өткен  "Фармация" мамандығының 4 курс студенттері қатысты. Студенттер өз жобаларының нәтижелерін баяндама түрінде ұсынды.
Өткізілген конференция қорытындысы бойынша келесі үздік баяндамалар таңдалды:
1. Орынбасарова Баян Мақсатқызы - С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің 3 курс студенті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, "Development of composition and technology for obtaining tablets with extract of verbascum songaricum schrenk".
2. Абдраман Абылай Алтынбекұлы - ОҚМА 4 курс студенті, Шымкент қ. "Mускат шатыры өсімдігінен лиофильді сығынды алу әдісі".

Баяндамашыларға дипломдар, сыйлықтар және қатысушы сертификаттары табыс етілді.
Секция мәжілісінің барлық қатысушыларына алғыс білдіреміз және оларға алдағы ғылыми жолында табыс тілейміз!

22.12.2022, 12:19
670 қаралым