Дара Құрылтайшы Серікжан Сейтжанұлының кеңейтілген Ғылыми кеңес отырысындағы ұжыммен кездесуі

2023 жылдың 20 қарашасында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Дара Құрылтайшысы Серікжан Сейтжанұлы стратегиялық даму бойынша профессор-оқытушы құрам алдында баяндады, сондай-ақ оқу жылының аяқталуы бойынша оқу, ғылыми-зерттеу және қаржылық қызметі мәселелеріне тоқталды. Соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстарға баға беріп, күшті және осал тұстарын айтып өтті. Осыған орай, кейбір позициялар бойынша дамытуды қажет ететін тапсырмалар берілді. Ғалым-оқытушыларға, академияның қызметкерлеріне іске асырылған жұмыстарда қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Еліміздің Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың жолдауларында әлеуметтік мәселеге көңіл бөліп жатқанын, әлеуметтік мәселе жоғары оқу орны басшылығының да назарынан түспейтін мәселе екенін айтып, осы оқу жылынан бастап оқытушылық құрамға еңбек жалақысы 30%-ға көтерілетінін жеткізді. Академия қызметкерлері жағымды жаңалықты ерекше көңілмен қабылдады. Профессор Сауле Құтымқызы академияның дамуына Құрылтайшының қосып жатқан үлесін атап өтіп, шетелдік әріптестермен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда, ынтымақтастық кеңістігінің артуында оқу орнымыздың дұрыс бағытта дамып, қаржыландырылып жатқандығы үшін алғыс білдірді.
Ректор Мырзабек Мырзашұлы оқу орнын дамытуға қатысты жұмыстарды жүзеге асыратынын айта келе, Құрылтайшыға алдағы жоспарлармен бөлісіп, академия қызметкерлерінің еңбегін бағалағаны үшін ұжымның атынан алғыс білдірді.

21.09.2023, 16:25
438 қаралым