Дәстүрлі емес діни ағымдар мен экстремизм тұжырымдарының таралуының алдын алу мәселелері!
2016 жылдың 19 қаңтар күні академия үлкен мәжіліс залында жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі емес діни ағымдар мен экстремизм тұжырымдарының таралуының алдын алу мәселелері!» тақырыбында ауқымды кездесу өткізілді.
Кездесуге ОҚО Әлеуметтік бастамалар орталығының Ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы, теолог Халықов Медет Мұзаффарұлы, ОҚО Әлеуметтік бастамалар орталығының Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің теолог маманы Рысбеков Кенжебек Төребайұлы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Кемелбеков Қынатбек Бердалыұлы, бөлім меңгерушілері мен топ тәлімгерлері қатысты. Кездесу барысында арнайы шақырылған теолог мамандарымыз тақырыпқа байланысты көптеген мәліметтерді, оның ішінде қазіргі дәстүрлі дініміз бен кері ағар ағымдардың таралуы, экстремисттік топтар, олардың әкелетін зардаптары аясында кең көлемде айтты.
Әлеуметтік желілердің адам өміріндегі пайдасы мен зияны және олар арқылы таралып жатқан хабарламалар туралы мағлұматтар көпшіліктің назарын аударды. Студент жастар қызығушылық танытып, өзекті мәселелер бойынша бірқатар сұрақтарды қойды.
Сонымен қатар, келген қонақтар тарапынан қойылған сұрақтарға студенттер белсенді түрде жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Қосымша тақырыпқа сай дайындалған слайд таныстырылып, бейнебаян көрсетілді (қамтылған студенттер саны – 300).