«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»

2016 жылдың 12 ақпанында «Денсаулық 2016-2019» бағдарламасы бойынша Халел Досмұхамедов атындағы 4 жалпы білім беретін мектепте «Қоғамдық денсаулық сақтау-1» кафедрасының оқытушылары З.И. Бейсембаева, Г.Е. Жиенкулова, С.Н. Әліпбекова тарапынан «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі» тақырыбында іс-шара өткізді. Аталған іс-шараға 402 тобының студенттері, сынып жетекшілері мен 4-6 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара 4 - курс студенттеріне салауатты өмір салтын насихаттау тәсілдерін үйрету, командалық жұмыста жауапкершілік сезімін және көшбасшылық қасиеттерді дамыту бағытында өткізілді. Сондай-ақ, бұл іс-шара дәрумендердің адам ағзасындағы рөлі мен көкөністердің пайдасы туралы оқушылардың білімдерін жетілдіруге, оқушылардың тез ойлау қабілетін, алғырлығын, тапқырлығын дамытуға бағытталған.

721 1

Алдымен студенттер оқушыларға дұрыс тамақтану жайлы түсінік беріп, балалардың сүйікті тамағына айналған фастфудтың ағзаға әсеріне кеңірек тоқталды. Оқушылар өз тараптарынан төмендегідей сұрақтар қойды.

  1. Фастфудты пайдаланғаннан адам семіре ме?
  2. Фастфуд өнімдерінен асқазан ауыра ма?
  3. Гамбургер + коланы бірге пайдалануға бола ма?
  4. Фастфудтан адам өле ме?
  5. Фастфуд өнімдерін аптасына неше рет пайдаланған жөн?
  6. Фастфуд өнімдерінде наркотикалық заттар бар ма?
  7. Фастфуд балалар үшін қауіпті дегені рас па?

721 2

Оқушыларға дәрумендер туралы бейнефильм көрсетілді.

721 3

Елбасымыз «Білімсіздің күні ғаріп, білімдінің түні жарық» демекші сөз кезегін ОҚМФА қабырғасында өсірілген көкөністер мен жемістер алып, әрқайсысы балалар ағзасы үшін қаншалықты пайдалы екенін қойылым арқылы көрсетті.

721 4

Іс – шараның соңында оқушылармен «Кім жылдам?» және «Кім көп табады?» сайыстары өткізілді.

Жеңімпаздар сыйлықпен марапатталды және барлық оқушыларға «Дұрыс тамақтану ережелері» таратылып берілді.

721 5

721 6

24.02.2016, 09:03
553 қаралым