«Дәрігердің іс-тәжірибесіндегі медициналық бітімгерлік (медиация) элементтері» элективті пән презентациясы» атты Г.Н. Абуованың Мастер-классы
2018 жылдың 20 сәуірінде жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. Абуова Г.Н. «Дәрігердің іс-тәжірибесіндегі медициналық бітімгерлік (медиация) элементтері» элективті пән презентациясы» тақырыбында дәрігер-интерндер мен «Медицина» мамандығының магистранттарына Мастер-класс өткізді. Мастер-класстың мақсаты болып білім алушылардың медициналық медиация аймағындағы кәсіби шеберліктерін шыңдау, «Дәрігердің іс-тәжірибесіндегі медициналық медиация элементтері» элективті пәніне қызығушылығын ояту, білім алушылардың медиация жайлы кәсіби білімін кеңейту, ұрыс керістерді (конфликт) екі жаққа да ыңғайлы етіп шешімін табуды үйрету, медиацияның теориясы мен практикасын қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолдана білуді таныстыру болып табылды.
Мастер-класс кезінде е-learning, сase-study иммитациялық медиациялар, PBL, эссе әдісі сияқты инновациялық білім беру технологиялары қолданылды.
Білім алушыларға 2 видео-кейс мынандай тапсырмалармен берілді: медиативті сессия ұйымдастыру және өткізу, екі жаққа да қақтығысты жағдайдан шығуға көмектесу.
Шақырылған қатысушылар м.ғ.д. Г.Н.Досыбаева, м.ғ.к. А.А.Сейдахметова Мастер-класс өткізілуіндегі методикалық және ұйымдастырушылық деңгейін жоғары бағалады.