«Дәрігер және науқас: денсаулық үшін ортақ жауапкершілік» атты дөңгелек үстел
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасының ұйымдастырылуымен 2017 жылдың 21 желтоқсанында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Дәрігер және науқас: денсаулық үшін ортақ жауапкершілік» өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
«Науқасқа бағытталған оқыту» пәнін нақтылау мақсатында кафедра м.а. профессоры Юнусходжаева Г. Д. студенттерімен дөңгелек үстелге дайындалды. Негізгі қатысушылар «Жалпы медицина» мамандығының 210 Б и 211 Б тобының студенттері. Екі топта ағылшын тілінде оқиды.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары: Академияның әкімшілігі: оқу жұмысы жөніндегі проректор, м.ғ.д. М. У. Анартаева және оқу бөлімінің бастығы доцент А. Г. Ибрагимова. Сонымен қатар, жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі, доцент А. А., Сейдахметова «ОҚМФА хабаршысы» редакторы Р. А. Шаймерденова, 210 Б тобының тәлімгері, микробиология кафедрасының аға оқытушысы Г. Т. Алимжанова, 211 Б тобының тәлімгері, қазақ, орыс, латын тілдер кафедрасының аға оқытушысы У. А. Хасанова, профессор м.а. Б. О. Торланова және де кафедра оқытушылары. Медициналық этика және деонтология сұрақтары; медициналық даму; дәрігер және науқастың арасындағы қарым - қатынасы; конфликтология сұрақтары талқыланды, қатысушылар денсаулық сақтаудың мәселелері; науқастың ақпараттық келісімі; диспансеризация және скрининг сұрақтары, денсаулықты сақтау стратегиясының популяциялық моделін ұсынды.
Ұлттық денсаулық сақтау моделі бойынша медициналық қызметкерлер толық жауапкершілікті алады, ал қазір науқасқа бағытталған моделі бойынша науқастың өзі жауапкершілікті толық алады. «Жағдайдың зардап шегуші» позициясынан науқас емдеу үрдісінің белсенді қатысушысына айналады.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «Халықтың күнделікті өмірі мен денсаулық сақтау саясатындағы адамдар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап және салауатты өмір салты маңызды болуы тиіс» деп айтқан.