Дәрігер – мәңгілік мамандық!
Медицина қызметкерлері күні - еліміздегі маңызды және құрметті кәсіби мерекелердің бірі. Ақ халатты мамандарсыз өркениетті әлемді елестету мүмкін емес. Біздің күнтізбемізде мұндай мереке жалғыз емес: «Медицина қызметкерлері күні», «Стоматологтар күні», «Медбикелер күні» және т.б. Бірақ, сол мерекелердің ішіндегі ең бастысы - маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтетін «Медицина қызметкерлерінің күні».
Ұлы философ Артур Шопенгауэр «Бақыт – ең алдымен денсаулықта» деп мәлімдеген.
2019 жылдың 14 маусым күні медицина қызметкерлерінің мерекесіне байланысты академияның үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиынға «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нарымбетов Бахадыр Мадилұлы және қалалық мәслихат хатшысы Ташкараев Ғани Әбдіғаниұлы қатысты. Олар қатысушыларды құттықтап, академия қызметкерлеріне грамоталар табыс етті.
ОҚМА ректоры профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы қызметкерлерді ҚР ДСМ алғыс хаттарымен және төсбелгілерімен және Академия ректорының грамоталарымен марапаттады.
Барлық уақытта өз өмірінің ісімен адамдардың денсаулығына қамқорлық көрсеткендерді құрметтеп, лайықты бағаланады. Медицина қызметкерлері - мәңгілік мамандық иелері, олар құрметке, сыйлауға және нағыз мерекеге лайықты.
Мерекелік шара жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламамен және студенттік Әнұранмен аяқталды.