Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған Форум

2015 жылғы 3 желтоқсан күні ОҚМФА акт залында жоғарғы оқу орындары мен қалааралық Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған Форум өтті. Форум ұйымдастырушылары: жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы және ОҚМФА ғылыми студенттік қоғамы.

660 1 1

Форум «Нөлдік мақсатқа қол жеткізу: нөл-жаңа жағдайлары, нөлдік-өлім, нөл-кемсітушілік» ұранында өткізілді.

660 2 2 

Форумға ОҚМФА студенттері, резиденттері, ЖТД дәрігер-интендері,  магистранттар, сонымен қатар ОҚМУ мен Х.А. Ясауи атындағы ХҚТУ студенттері қатысты. ТарМУ студенттері бейнеқұттықтауларын жолдап, қашықтықтан түрде қатысты.

660 3 3 

Форумның бағдарламасына сәйкес АИТВ –инфекциясының өзекті сұрақтары мен алдын-алу жолдары бойынша баяндамалар жасалынды, плакаттар, көріністер, әртүрлі өнер  конкурстары мен флешмоб өткізілді.

 660 4 4

Үздік баяндамалар,  үздік плакаттар және белсене қатысушылар бағалы сыйлықтармен мына төмендегі студенттер: Мирхаликов А., Айнабек Н., Жүніс А., Алпыс Т., Ыдырыс А., Султанова С., Полукчи Т., Абдумажитов М., Түймебаева Г., Сыдыкова А.  марапатталды.

 660 5 5

07.12.2015, 03:33
613 қаралым