Дүниежүзілік ЖИТС/АИТВ-инфекциясымен күрес күніне арналған Форум
2016 жылдың 28 қараша күні «Жұқпалы аурулар және дерматовенерология» кафедрасының қызметкерлерінің, магистранттардың, интернтердің, ҚДС бакалавр студенттерінің қатысуымен «Дүниежүзілік ЖИТС/АИТВ-инфекциясымен күрес» күніне арналған Форум өткізілді. Форумның ұраны: «АИТВ- инфекциясына қарсымыз».
Форумның өткізілу мақсаты: жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, есірткі тартудан бас тарту, жыныстық серігіне адалдық сақтау, осы дертпен ауырған науқастарға ерекше мейіріммен қарау болып саналады.
Форумның өту барасында АИТВ/ЖИТС тақырыбы бойынша баяндамалар оқылды, студенттердің өздері дайындаған бейнебаяндар көрсетілді, тақырып бойынша ой-өрісті дамытатын ойындар және «Біз АИТВ/ЖИТС-қа қарсымыз» тақырыбы бойынша плакаттар сайысы өткізілді.
Форумның аяқталу барысында қазылар алқасы нәтиже шығарып, белсенді қатысушыларға мараптау қағаздары мен сыйлықтар берді.
Ең жақсы баяндама «АИТВ- инфекцияның даму тарихы», әзірлеген 616 ЖТД тобының студенті Әбделі Абылай.
Ең жақсы сахыналық көрініс «Қара сөз» 301ЕЖҚ тобының студенті Сейілхан Ақмарал. Белсенді қатысушыларға да сыйлықтар берілді.