«Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс қолдану апталығы»

2015 жылдың 20 қарашасында ОҚМФА мен Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының  оқу базасында «Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс қолдану апталығы» тақырыбында жоғарғы оқу орныаралық студенттік ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.

641 1 

Конференцияда  антибиотиктердің ашылу тарихы, медицина тәжірибесінде ұтымды пайдаланылуы және т.б. тақырыптарында 10 баяндама тыңдалып, интеллектуалды ойындар өткізіліп, антибиотиктер, антибиотиккерезистенттілік және экоантибиотиктердің жаңа өкілдері туралы бейнефильмдер көрсетілді.

641 2

Конференцияға 614-615 ЖТД интерндері, 204, 205, 206 топтарының  педиатр-резиденттер, 5 курс 507, 502,510, 511, 503, 505, 506 ҚДС топтарының студенттері мен 301-302 ЕІ колледж оқушылары қатысты.

641 3 

Үздік баяндамалар, қабырға газеттері мен белсенді қатысқаны үшін мына төмендегі студенттер марапатталды: Естемес Ш., Султанова С., Жунис А., Бабаназарова М., 302 ЕІ топтарының оқушылары- Сманова Ж., Жандарбекова Х., Султанова С., Туймебаева Г.А., сонымен қатар, көрермендер арасынан белсенді қатысушылар да ынталандырушы сыйлықтармен марапатталды. 

641 4

24.11.2015, 22:46
574 қаралым