БухММИдегі оқытушылардың академиялық ұтқырлығы
Академиялық ұтқырлық шеңберінде 2022 жылғы 14-25 қараша аралығында "Микробиология, иммунология және вирусология" кафедраларының меңгерушілері м.ғ.д., профессор Сейтханова Бибігүл Төлегенқызы, "Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі" м.ғ.к., доцент Сейдахметова Айзат Әшімханқызы және "Жалпы практика дәрігері - 1" м.ғ.к., доцент Даткаева Гүлмира Маханбетқызы Бұхара мемлекеттік медицина институтында 60 сағат (2 кредит) көлемінде күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес магистранттарға, резиденттерге дәрістер, практикалық сабақтар өткізді. Сапар бағдарламасында магистратура, резидентура деңгейлерінде дәріс, практикалық сабақтар өткізу, конференцияларға қатысу, өзекті тақырыптар бойынша бірлескен жарияланымдар жасау болды.
Б.Т. Сейтханова "Аллергология және иммунология" пәні бойынша, А.А.Сейдахметова магистранттарға "Ғылыми – зерттеу жұмысы" пәні бойынша, Г.М.Даткаева "Амбулаторлық-емханалық терапия" пәні бойынша дәрістер, практикалық сабақтар өткізді. Дәрістер мен практикалық сабақтар оқытудың инновациялық технологияларын, проблемалық, Rbl, CBL оқыту элементтерін пайдалана отырып, жоғары кәсіби деңгейде өткізілді.
Кері байланыс жүргізу кезінде магистранттар, резиденттер алғыс білдіріп, оң пікір білдірді. Талқылау нәтижесінде бірлескен зерттеулер жүргізу және университетаралық ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлары жасалды. БухММи ректоры Ш.Ж.Тешаев ынтымақтастықтың, тәжірибе, білім алмасудың маңыздылығын атап өтіп, сертификаттар табыс етті.
Бұхараға сапар соңында оқытушылар дәріс оқығандары үшін жылы лебіздерін білдіріп, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде жоғары оқу орындарының одан әрі белсенді ынтымақтастығы туралы куәландырды.