«Бос орындар жәрмеңкесі»

2019 жылдың 19 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ұйымдастыруымен  Шымкент қаласындағы жастар ресурстық орталығында бітіруші түлектерге арналған  «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді.

1374 6

Ұйымдастырылған іс-шараға Академия басшылары,  Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқарма басшысы, 6 өңірдің денсаулық сақтау басқарма өкілдері (Жамбыл, Түркістан, Шымкент Қызылорда, Павлодар, Жезқазған) және аудандық медициналық мекемелердің бас дәрігерлері, фармация және медицина ұйымдарының қызметкерлері қатысты. «Бос орындар жәрмеңкесін»  «ОҚМА» АҚ ректоры М. Рысбеков ашып беріп, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Ғ. Мотайұлы, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы әкімшілік және кадр бөлімінің бас маманы А. Момынова, «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медицина ұйымдар қауымдастығы директоры Х. Альжанова, Қызылорда облысы Жаңақорған аудан аралық аурухана бас дәрігері Я. Шорабаев, Жезқазған қаласы «Жүрек» ЖШС кадр бөлімінің басшысы Э. Манасова баяндама жасады. 

1374 2

Аталған іс-шара барысында  бітірушілер мен облыстық, қалалық, және аудандық  ауруханаларында жұмыс істеуге келісім шарт жасалды. Бітіруші түлектермен келісім шарт жасалған соң Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысы Байдувалиев Асхан Мархабайұлы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-ші ғимаратын аралап «Тәжірибелік дағдылар орталығында»  болды. Асхан Мархабайұлы орталықтағы дәрігерлердің біліктілігін арттырудағы маңыздылығын айтып өз ойымен бөлісті.

1374 3

1374 4

1374 5

26.04.2019, 04:19
350 қаралым