Болашақ білімді жастардың қолында

Жақында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының акт залында Қазақстанда Республика күніне арналған Студенттік ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен «Болашақ білімді жастардың қолында» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Студенттік ғылыми қоғамның төрағасы Гүлфарида Аманбаева студент жастарды ғылыми білімге баулудың және кафедра оқытушыларымен, ғылыми жетекшілермен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын қысқаша баяндады. Конференцияға қатысушылар баяндама жасады. Ең қызықты болғандары дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Спикерлер атап өткендей, әр үйірме мүшесі, болашақ жас ғалым инициатива танытуы, қызықты тақырыптар табуы, шығармашылық ойлауы, ерекше көзқарас танытуы қажет. Даналық қарапайымдылықта деп бекер айтылмаған.
Г.Аманбаева өткен оқу жылында ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйлеп, конференциялар жинақтарында алғашқы жұмыстарын жариялау арқылы ғылыми-зерттеу жұмысында өзін көрсеткендердің барлығына алғысын білдірді. Ол сонымен қатар ғылымға үлкен жол ашқан студенттердің ғана емес, магистранттардың, докторанттардың да жетістіктерін атап өтті. Ақпараттық ғылыми кеңістіктерге енген бастаушы зерттеушілердің қадамдары кішкентай, бірақ айналасындағыларға байқаларлық. Олардың жарияланымдары индекстелетін халықаралық базаларда пайда болуда. Бұл бәрін қуантады, ал жастарды ойландырады.

19.10.2022, 19:21
368 қаралым