Біздің студенттердің ІІ Республикалық пәндік олимпиададағы жеңісі
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де 2016 жылы сәуірдің 14-15 жұлдызында өткен ІІ Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан ОҚМФА-ның «Фармацевтика өндірісі технологиясы» мамандығының 3-ші (орыс тобы) және 4-ші курстың (қазақ тобы) 5 студентінен құралған «ЮКГФА – юные креативные гении фармацевтической академии» командасы 2 турдан тұратын: мамандық пәндері бойынша тестілеу және болашақ мамандығына сәйкес жобаны қорғауда Алматы және Қарағанды қалаларының жоғары оқу орындарынан келген командалар арасында 1-ші командалық орынды иеленді. Студенттер қорғаған жобалардың ғылыми жетекшісі - «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, профессор л.а. Торланова Ботагоз Онгаровна.
Команда өз «Наш вуз – ЮКГФА! Сила в нем! Мы вместе с ней вперед идем, образованием гордимся и никогда мы не сдадимся!» ұстанымын ақтап шықты, тестілеу және жобаны қорғау нәтижесі бойынша жеке есепте 4-ші курс студенттері Қилыбаев Ерлан 2-ші орынды, Турсынбек Замира – 3-ші орынды иеленді.
Жеңімпаз студенттерді құттықтаймыз!