Біздің демеушілерімізге рақмет!
Әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге қазан айы керемет жаңалығымен келді. Қазан - желтоқсан айларында біздің академияда аталған студенттерге тегін тамақ ұйымдастырылды. Әдемі безендірілген таза асханада мейірімді, абыройлы ұжым жұмыс істейді, студенттерге ғана емес, сонымен бірге академияның қызметкерлеріне ұнайтын әртүрлі тағамдарды ұсынады.
Біздің студенттер екінші жыл бассейнге қатысуда. Бұл орталық су спорт кешенінің директоры А. Әлиханның қолдауымен мүмкін болды. Бұл мекеменің әкімшілігі әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге тегін жазылым жариялады. Биылғы жылы студенттер айына 3 рет бассейнге барады.
Академияның әкімшілігі демеушілерге шын жүректен алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс тілейді.
08.10.2018,
02:44
359 қаралым