«Біздің Қазақстан»
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2015 жылдың 1 қарашасында Шымкент қалалық №6506 әскери бөлімінде «Біздің Қазақстан» атты іс-шара өткізілді. Қатысқандар: 104ФК,103МПД және ТжКББ факультетінің студенттері.
Ұйымдастырған оқытушылар Айдарбекова Г.С., Шойынбет Г.С., Абдраманова Ш.Р., Нұрмаханова Г.С. болды. Мақсаты: Жастардың отанға деген патриоттық сезімін оята отырып, адамгершілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Сондай-ақ қоғамда болып жатқан, әсіресе жастар арасындағы нашақорлық, темекі шегу мен алкогольдік ішімдіктерді пайдалану белең алып бара жатқаны туралы айтылды. Алғашқы сөз кезегі әскери бөлімнің тәрбие жөніндегі бөлім меңгерушісі майор А.А. Ахмеджанова ашып берді. Одан әрі іс-шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Концерттік бағдарламаның соңында ұйымдастырушыларды марапаттап, майор А. Амеджанова және әскери бөлім солдаттары өз ризашылықтарын білдіріп, құттықтау грамоталарымен марапаттап аяқтады.