Біз Сіздермен біргеміз! Еңбектеріңізге көп рахмет!

Осындай ұранмен ОҚМА жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының қызметкерлері, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының індетке қарсы қатал тәртіп блогы – жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесіндегі медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетті. Қаламыздағы COVID-19-бен ауыр халдегі науқастардың басында тәулік бойы кезекшілікте жүрген әріптестерге ыстық түскі тамақ ұйымдастырылды. Дәрігер, медбике және медициналық кіші персоналдардан құралған 3 бригада асқан кәсібилік, төзімділік және бірлігін көрсете отырып, айлар бойы қарқынды терапия палатасынан тыс шықпауда. Кафедра ПОҚ осы акция арқылы ЖҚТБ әріптестерімен ынтымақтаста екенін және де кеңестік, әдістемелік қана емес моральдық және материальдық көмек көрсетуге дайындықтарын танытты.

1524 1

22.04.2020, 03:11
291 қаралым