Біз Сіздермен бірге құндылықтарды қалыптастырушы, жасампаздармыз!

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында жас ғалымдар мен студенттердің екі күндік халықаралық ғылыми конференциясы басталды.

 

2021 жылғы 9-10 желтоқсанда 14 секциядағы пікірталас алаңдарында онлайн және офлайн аралас форматында 300-ден астам студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бірінші проректоры, профессор М.М. Есіркепов конференцияның ашылуында сөз сөйледі: 
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Нобель апталығының қарсаңында Жас ғалымдар мен студенттердің «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты Халықаралық ғылыми конференциясын өткізу символдық мәнге ие болды.
Қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күні-мемлекеттілікті құру мерекесі! Біз сіздермен бірге жасампаздармыз!
Осы жылдар ішінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қызметінде Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңеспен бірге дәстүрлі және жыл сайынғы Халықаралық ғылыми конференцияны өткізу ерекше сәт болды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңеске ғылыми форумды өткізуге және медициналық және фармацевтикалық бейін кадрларын даярлауға қолдау көрсеткені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Академия алаңы Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Иран, Чехия, Түркия, Германия, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген жас ғалымдар мен студент жастарды біріктіреді. Жыл сайын талантты жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығы артып келеді, беймәлімділікті шешу үшін зертханаларда жұмыс істеуге, өсу мен даму үшін өз күштерін сынап көруге деген ұмтылыс пайда болуда.

Сухраб Гаппаров, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары:
- Бүгін жас ғалымдар өңірдің биологиясын, медицинасын және фармациясын дамыту туралы өз ойларын ортаға салады. Біз бірнеше жылдан бері ОҚМА-мен жұмыс істеп келеміз. Талантты жастарды Қор гранттарымен қолдайды. Бүгін біз үздік баяндамалар мен жобаларды бағалап, үздіктерін анықтаймыз деп үміттенемін. 
Ертең, 2021 жылдың 10 желтоқсанында Халықаралық конференцияның қорытындысы шығарылады.

10.12.2021, 18:04
505 қаралым