Біз сіздерді мақтан тұтамыз!

ҚР Тәуелсіздік Күні қарсаңында ОҚМФА ардагерлері мемлекеттік сыймен марапатталды.

Профессор, х.ғ.д., фармакогнозия және химия кафедрасының меңгерушісі Ә.Қ.Патсаев, біздің академияның қабырғасында 36 жыл еңбек еткен, «Құрмет» орденінің иегері болды. Ол мемлекеттік тілдегі 9 оқулықтың авторы,  71 оқу және оқу-әдістемелік құралдары, 33 типтік бағдарламалар, 3 авторлық куәлігі және 5 патенттері бар. 2013 жылы  Патсаев Ә.Қ. басшылығымен фармакогнозия және химия кафедрасында дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу зертханасы  өз жұмысын бастады.

667 1 1

Ұйымдастыру және экономикалық жұмыстар бойынша проректор,ф.ғ.д, профессор Б.Қ.Махатов «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Ол Қырғыз Мемлекеттік медициналық акдамиясының диссертациялық кеңесінің мүшесі болып табылады. Оның 100-ден астам жарияланымдары бар, бірнеше әдістемелік құралдарды дайындап шығарған, 6 жаңашыл ұсыныстарының және бірнеше өнертабыс патенттері мен ғылыми өнертабыс патенттерінің авторы, 2 монография басып шығарған. Фармацевтика ғылымының 7 кандидатын, 2 ғылым докторын, 4 магистрді дайындаған.

667 2 2

Академияның барлық қызметкерлер мен басшылығының атынан сіздерге шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!

17.12.2015, 23:23
783 қаралым