Біз Өмірді таңдаймыз!

835 1

2016 жыл, қазанның 15 сенбі күні қаламыздың орталық саябағында «Мейірбике ісі» кафедрасы және «Мейірбике ісі» мамандығының 4 курс 404 А және Б топтарының студент-бакалаврларының ұйымдастыруымен флеш-моб өткізілді.

Тәрбиелік бағыттағы бұл іс-шара салауатты өмір салтын қалыптастыратын дене тәрбиесінің құралы ретінде кәсіби бөлігін де қамтып өтті.

835 2

Кафедраның профессор м.а. Г.Д.Юнусходжаева студенттерімен бірге көпшіліктің назарын «Мейірбике ісі» мамандығына «Мейірбике ісінің менеджері» тіркесін насихаттау жолында жоғары білімді мамандар ретінде, ғасырлар бойы қалыптасқан медициналық мамандықтар арасында жаңа серпін ретінде аудартуға талпынды.

835 3

Аталған акцияда қатысушыларға кафедра меңгерушісі А.А.Сейдахметова бастаған кафедра қызметкерлері, жастар саясаты бөлімі, «Болашақ» академиялық жастар орталығының белсенділері, ОҚО Шымкент қаласы Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» өкілдері, спорт клубтың фитнес тренерлері, «Рабат» газеті мен «Отырар» телеарнасының редакциясы қолдау көрсетті.

835 4

Флеш-мобтың бір түрі профлеш екенін ескерсек, аталған іс-шараны профлеш деп атауға да болады, себебі мұнда кәсіби бағыттағы мақсаттар мен идеялар жүзеге асты.

Флеш-мобтың ұраны «Біз өмірді таңдаймыз!» болды. Себебі мәнді сүру – бұл өте маңызды, ал жастық шақ қуанышқа, физикалық белсенділікке, құлшыныс пен әсерлілікке толы болады.

Мұның барлығын бізге Отан, еліміз, туып-өскен жеріміз береді, сондықтан да біз Отанымызды шексіз сүйеміз және Тәуелсіздігінің 25 жыл толуын мақтан тұтамыз.   

20.10.2016, 03:49
301 қаралым