Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз!

690 1

2015 жылдың 25 желтоқсан күні анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі кафедрасының ұйымдастыруымен Алданазарова Ләззат Оспанқызының жетекшілігімен 302 топ студенттері арасында  «Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз!» тақырыбында ашық тәлімгерлік сабақ өткізілді.

690 2

Аталған іс-шараға фармацевтика факультетінің деканы,ф.ғ.к.Н.Ж.Жұмабаев,әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Қ.Б.Кемелбеков, ОҚО Ішкі саясат басқармасының теолог-маманы М.Халықов, жастар саясаты бөлімінің маманы Ж.О. Қамбарова, мейірбике ісі кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі Ж.С.Султанова қатысты.

690 3

Ашық тәлімгерлік сабақта тақырыпқа байланысты студенттер көрініс көрсетіп,  презентация жасалып, бейнероликтер көрсетілді. Арнайы шақыртылған теолог-маман М.Халықов діни экстремизм мен терроризмге қатысты мәселелерді қозғап, жастарды дұрыс жолға бағыттады.

690 4

Сонымен қатар, Қ.Б.Кемелбеков қазіргі шет мемлекеттерде болып жатқан мәселелерді ескере келе, жастарды еліміздің отаншылы болуға шақырды. Фармацевтика факультетінің деканы Н.Ж.Жұмабаев ислам дініне қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.

12.01.2016, 05:02
782 қаралым