Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыруға бірлескен белсенді жәрдемдесу

АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» бітіруші түлектерін жұмыс берушілермен бірлесе отырып жұмысқа орналастыруға белсенді жәрдемдесу біздің академиямыздың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Оны іске асыру үшін ЖОО жұмыс берушілермен және серіктестермен тұрақты түрде кездесулер өткізеді. Солардың бірі «Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының» ұйымдастыруымен Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы тарапынан түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен 2024 жылдың 02- сәуір күні кездесу өткізілді.
Жұмыс берушілермен кездесуге бакалавр, интернатура және резидентура түлектері, декандар мен кафедра меңгерушілері қатысты.
Іс-шараны «Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканатының» деканы PhD К.С.Кемельбеков жүргізді.

Ең алғаш сөз кезегі Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы К. Абдалиевке берілді. Өз сөзінде Атырау облысының тарихына, денсаулық сақтау ұйымдарына, сонымен қатар әлеуметтік қолдаулар мен жас мамандарға жасалатын жағдайлар туралы айтып өтті.

Ары қарай денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары баяндама жасады және аталған медициналық мекемелердегі кадр тапшылығы, еңбек жағдайлары, ұсынылатын әлеуметтік пакеттер талқыланды. Бітіруші түлектер сұрақтарын қойып, жауаптар алынды

Бітірушілердің бір бөлігі академияны бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болатыны белгілі. Осындай кездесулер жұмысқа орналасуда белсенді көмек көрсетуге және әрбір түлекке өз білімі мен дағдыларын іске асыруға мүмкіндік беруге бағытталған.

22.04.2024, 14:04
189 қаралым