Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыруда бірлескен тиімді шаралар
2023 жылдың 09-ақпанында АҚ «ОҚМА» интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының ұйымдастыруымен бітіруші түлектер: дәрігер-интерндер, резиденттер, бакалаврлар және деканаттардың қатысуымен «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту» орталығы Әл-Фараби ауданы жұмыспен қамту бөлімшесі мамандарының шақыртылуымен ақпараттық түсіндіру жұмыстары өтті.
Жиналыстың негізгі мақсаты – бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру кезіндегі мәселелерін бірлесе отырып алдын ала шешу жолдарын қарастыру.
Жиналысты интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының деканы, PhD К.С.Кемельбеков ашты және қысқаша баяндама жасады. Баяндама барысында бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мәселеріне толық тоқталып өтті.
Ары қарай сөз кезегі «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту» орталығы Әл-Фараби ауданы жұмыспен қамту бөлімінің мамандары: Сағымбаев Ерғали және Тұрдалы Ердаулетке берілді.
Олар өз баяндамаларында жас мамандарды жұмысқа тартудағы негізгі шарты – жұмыспен қамту мәселесіне байланысты екендігін атап өтті. Бұл орайда Ұлттық жоба аясында жас мамандар 6 бағытпен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуға болатындығын жеткізді. Олар:
♦️«Жастар практикасы»,
♦️«Қоғамдық жұмыс орны»,
♦️«Алғашқы жұмыс орны»,
♦️«Ұрпақтар келісім шарты»,
♦️«Әлеуметтік жұмыс орны»,
♦️«Күміс жас» жобасы.
Кездесу соңында, халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары бітіруші түлектер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.