«Бірлік» халықаралық жастар лагері

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 17-21 қазан күндері Қостанай облысында жас ұрпақты қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға тарту мақсатында дәстүрлі «Бірлік» халықаралық жастар лагері ұйымдастырылды.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырған «Бірлік» халықаралық жастар лагеріне Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының белсенді студенттері, «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің жетекшісі, ЖМО-09-20 тобының студенті Мейірбеков Нұрболат пен ЖМҚБ-01-20 тобының студенті Нышан Мағжан шақырту алды. 5 күндік «Бірлік» халықаралық жастар лагерінде біздің студенттеріміз КХА жастарының әлеуетін дамытуға бағытталған, оның аясында аймақтық және халықаралық қатысушылардың пікірталас алаңдары, оқыту тренингтері, мотивациялық кездесулер, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысты. Және де Қостанай облысының мұражайлары мен көрнекті жерлеріне саяхаттады.

31.10.2022, 10:05
321 қаралым