31 тамыз – Конституция күні!

2024 жылдың 28 тамыз күні Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен академияның үлкен мәжіліс залында Ғылыми-кеңес пен 31 тамыз Конституция күніне арналған салтанатты іс-шарасы өтті. Алғашқы құттықтау сөзімен оқу орнымыздың ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы іс-шараны ашып берді. Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Е.Сәлім тәрбие жұмысының негізгі бағыттары бойынша және ішкі тәртіп жөнінде айтып өтті. Білім алушылардың интегралдық оның ішінде әлеуметтік GPI енгізу бойынша ережесімен таныстырды. Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Ибраимова Ақмарал баяндама жасап, Ата Заңымыздың маңызы мен тарихына тоқталып өтті.
Жалпы Конституция күнін мерекелеу халықтар бірлігін нығайтуға, отансүйгіштікке баулуға, патриоттық тәрбие беруге, Конституция мазмұнын жетік білуге және оның нормаларын күнделікті өмірде қолдана білуге, құқықтық мәдениетті арттыру мен тәрбиелеуге негізделген.
Халқымыз бірлікте, татулықта тыныш өмір сүрсін! Еліміздің абыройы мен мәртебесі асқақтай берсін! Конституция мен Білім күні құтты болсын!

29.08.2024, 12:59
279 қаралым