Бірінші қыркүйек - Білім күні
2023 жылдың 31 тамыз күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен академияның үлкен мәжіліс залында 31 тамыз Конституция күні мен Білім күніне арналған салтанатты іс-шарасы өтті. Алғашқы құттықтау сөзімен оқу орнымыздың оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректоры М.Анартаева іс-шараны ашып беріп, білім алу жолында сәттілік тіледі. Әр факультет декандары оқу үдерісі жайында студенттерге ақпарат берді. Кітапхана-ақпараттық орталық басшысы Р. Дарбичева кітапхана бойынша ақпарат беріп өтті. Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім тәрбие жұмысының негізгі бағыттары бойынша және ішкі тәртіп жөнінде айтып өтті.
Салтанатты іс-шара басқарма қызметкерлері дайындаған академия жайындағы бейне ролик пен концерттік бағдарламаға ұласты.
ОҚМА табалдырығын аттаған барша студенттерді шын жүректен құттықтаймыз!