Бірінші қыркүйек - Білім күні

2022 жылдың 1 қыркүйек күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен академияның үлкен мәжіліс залында Білім күніне арналған салтанатты іс-шарасы өтті.

Алғашқы құттықтау сөзімен оқу орнымыздың ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы іс-шараны ашып берді. Ары қарай Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Б.Утегенов білім күні жайлы баяндамасымен жалғастырды. Әр факультет декандары оқу үдерісі жайында студенттерге ақпарат берді. Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім тәрбие жұмысының негізгі бағыттары жөнінде айтып өтті. Және де Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-нің ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Б.Асанов ішкі тәртіп жайлы, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің Әл-Фараби ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны С.Баратов өрт қауіпсіздігі мен жаз мезгіліндегі шомылу аймақтарында қауіпсіздік шаралары туралы, Шымкент қаласының дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" теолог маманы Т.С.Аднабекұлы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және кереғар ағымдардың психологиялық әдіс тәсілдері жайлы және алдын алу шаралары туралы айтып өтті.

Салтанатты іс-шара белсенді студенттер дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
ОҚМА табалдырығын аттаған барша студенттерді шын жүректен құттықтаймыз!

01.09.2022, 16:25
379 қаралым