Бірінші проректормен TEDx форматта кездесу!

2022 жылы 09 ақпан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Маман мен ғылым» тақырыбында ОҚМА бірінші проректоры М.Есиркепов пен академияның студенттерінің арасында TEDx форматта кездесу өтті.

Іс шараны модератор жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Ахметов ашып, бірінші проректор М.Есиркепов мырза жайлы айтып өтті. Сөз кезегін алған ОҚМА бірінші проректоры М.Есиркепов студенттерге ғылыммен қалай айналысу керек екендігі жайлы маңызды ақпараттармен бөлісті. Және де өзінің еңбек жолындағы қиыншылықтары мен қызықты сәттері жайлы бөлісіп, студенттерге білімпаз және ізденімпаз болуға шақырды.

Кездесу соңында студенттер М.Есіркеповке ғылым саласында жетістікке жетудің негізгі қағидалары сынды сұрақтар қойып ұтымды жауап алды. Алдағы уақытта бұл форматтағы кездесуді дәстүрге айналдыру жоспарда бар.
ОҚМА бірінші проректоры М.Есиркепов студенттерге білім жолында сәттілік тіледі.

10.02.2022, 16:23
454 қаралым