«Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі»
2016 ж. қазан айының 28-30 жұлдыздарында «Мирас» университеті ұйымдастырған «Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі» атты халықаралық конференциясы өтті. Конференция мақсаты- әлемдік игілік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Аталған конференцияға академиямыздан шет тілдері кафедрасының меңгерушісі А.С.Сайфутдинованың жетекшілігімен 1 курс «Жалпы медицина» мамандығының студенттері С.Қален, Э.Саиткаримов және Б.Тасболат, «Фармация» мамандығының студенті Қ.Зайырхан, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенті А.Мұсаева қатысты. Студенттерімізге берілген тақырыптар «Терроризмге қарсы халықаралық қауіпсіздік және бейбітшілік құру», «Ядролық қарудан азат аймақтың ауданында Таяу Шығыс құрылуы», «Босқындар мәселесі бойынша экономикалық шешімдер». БҰҰ-на мүше елдерден келген сарапшылар шешімі бойынша, студенттеріміз Қален Сулуғайша және Саиткаримов Эльшад «Ең үздік делегат» номинациясын жеңіп алды. Қалған студенттеріміз конференцияға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар иеленді.
Студенттеріміз конференциядан жақсы әсер алғандықтарын айтып, алдағы уақытта да конференцияға қатысуға құштарлық білдірді.