Бір уыс - Мейірім

Бүгінгі «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы 25 - қазан Республика күніне арналады.
Нәресте- шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынов:
«Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін» деген екен. Біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз.
Мақсатымыз – ұлттық мерекенің маңызын көрсетіп, баланың бойында жастайынан патриотизм, туған елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Балалар үйіне жиі келуге тырысамыз. Біз бөбектердің көңіл күйін көтергіміз келеді,
30.10.2023ж. «ЖТД-3» кафедрасының ассистенттері Онласбекова Г.М, Баймакова Г.Ш және «Жалпы медицина» 6-курс IЖТДҚ-19-23, , IЖТДҚ-20-23 топ интерндерінің бастамасымен Шымкент қаласы, Күншығыс мөлтек ауданында орналасқан «Мамандандырылған бөбектер үйі» үйіндегі тәрбиеленуші балалардың көңілін аулап, қуаныш сыйлау үшін
«Мейірімді жүрек» акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараға балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер аға, әпкелерінің өздеріне көрсетіліп жатқан жанашырлық пен құрметтеріне ерекше қуанды. Кафедра ассистенттері Онласбекова Г.М, Баймакова Г.Ш және IЖТДҚ-19-23 тобының білім алушылары Тойшиева Айдана, Тағай Үміт бүлдіршіндерге тілектерін білдірді және кафедра ұжымы мен интерн-дәрігерлердің ұйымдастыруларымен жасалған сыйлықтар және қажетті заттары бүлдіршіндерге табысталды. Мекеме басшылығы мен қызметкерлері, тәрбиеленуші балаларға көңіл бөліп, ерекше сезімге бөленіп, қайырымды жандардың қолдауының болатындығын айтып алғыстарын жаудырды. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты ұжым мен тәрбиешінің ықпалы мол. Берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер Әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
«Мамандандырылған бөбектер үйі» үйінің бас дәрігері Айнабек Ғ.А бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған «ЖТД-3» кафедрасының ассистенттері Г.М. Онласбековаға, Г.Ш.Баймаковаға , кафедра ұжымына және барлық интерн-дәрігерлерге өз атынан және ұжым қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің атынан қолдау көрсеткендеріне ризашылықтары мен алғысын білдіріп, алғыс хатын табыстады.
Сіздерге зор денсаулық, істеріңізге табыс, жақсы білім алып, ақ халатты абзал жан болуларыңызға, мейірімді болуға және жаңа табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін деген тілегін білдірді.
Алдағы уақытта да қайырымды игі істеріміз көп болсын!!!

03.11.2023, 11:54
412 қаралым