Бір шаңырақ астында
2024 жылдың 26 ақпан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттік өзін өзі басқару ұйымымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Бірлесу» достық ұйымының белсенді студенттерінің арасында «Бір шаңырақ астында» атты іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты Қазақстанда жүрген өзге ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым қатынасты нығайту. Бір шаңырақ астына жинап, қоғамдық жұмысқа тарту. М. Әуезов студенттері ОҚМА «Бірлесу» достық ұйымының белсенді студенттерін тамаша көңіл күйде, қазақи нақышта күй тартып, әуендетіп күтіп алды. Іс-шара барысында өзге ұлт өкілдері қазақ жазушыларының өлеңдерінен және поэзия жыр шумақтарынан үзінділер оқып, кездесуді көтеріңкі көңіл күйде өткізді. Алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар өткізуге екі тарапта ниет білдірді.