«Биотехнологиялық препараттар мен биосимилярлар. Клиникалық практикада тиімді қолданудың халықаралық тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2015 ж. 29 сәуірінде «Биотехнологиялық препараттар мен биосимилярлар.  Клиникалық практикада тиімді қолданудың халықаралық тәжірибесі» тақырыбындағы Алматы қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ОҚМФА-ның дәлелді медицина бөлімі қатысты.

Конференцияны ұйымдастырушы: «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК ҚР ДС және ӘДМ.

Ресми қолдаушылар: ҚР ДС және ӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті,  ҚР-ның фармацевтерінің және клиникалық фармакологтарының Кәсіби  Қауымдастығы, Қазақ Медициналық Үздіксіз Білім Беру Университеті, ҚР-нің Халықаралық Фармацевтикалық өндірушілердің Қауымдастығы. Бұл Қазақстандағы генді инженерия және будандық технологиялар жолымен құрастырылған биотехнологиялық препараттарды клиникалық практикаға ендіру және құру сұрақтарына арналған бірінші конференция.

Конференцияның мақсаты­­­­ ─ инновациялық препараттар мен биосимилярларды тіркеу, дәрмектілігі мен қауіпсіздігін ескере отырып тиімді қолдану, өзара алмастыру, фармацевтикалық қадағалау сұрақтарына байланысты мәселелерді баяндау, тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамассыз ету шегінде фармакоэкономикалық сараптау сұрақтарын  қарастыру. Конференция жұмысына жетекші шетелдік және қазақстандық онкологиялық, ревматологиялық, эндокринологиялық, клиникалық фармокология және фармацевтер саласындағы ғалымдар қатысты. Конференцияда баяндамалар мен хабарламалармен қатар реолюция жобасы талқыланды және барлық қатысушылармен бірауыздан мақұлданды.

Қыстырылған файлды жүктеу: резолюц.docx

 

08.05.2015, 05:58
541 қаралым