«Биология, медицина және фармацияның даму болашағы»: ОҚМА мен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің жеңісті жобасы

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің VIII ғылыми конференциясының екінші күні қорытындылаумен аяқталды. Шығармашылық көзқарастардың, инновациялық шешімдердің және қол шапалақтардың ерекше атмосферасы бәрінен сезілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сухраб Жаппаров пленарлық отырыста сөз сөйлеген баяндамашыларды дипломдармен марапаттай отырып, халықаралық конференция осы жылдар ішінде Қазақстанда да, посткеңестік кеңістікте де, алыс шетелде де білім алып жатқан магистранттар мен докторанттардың жоғары дайындық деңгейін көрсеткен серіктестік жоба екенін атап өтті.

Пленарлық отырыста үздік баяндамалары үшін дипломдар: С. А. Мамырбекова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан (Перспективы развития бизнес образования в здравоохранении), Марьям Кабири, медициналық химия кафедрасының магистрі, фармацевтика факультеті, Шираз медицина ғылымдары университеті, Шираз, Иран (Потенциальные ингибиторы основной протеазы SARS-COV-2 и модуляторы пути арахидоновой кислоты: нестероидные противовоспалительные препараты против Covid-19), Хамитова А. Х., «Болашақ» Академиясы, Қарағанды қ., Қазақстан (Созылмалы жөтел кезінде тыныс алу жолдарының қабыну аурулары кезінде астмосил ББҚ терапиялық тиімділігі), Отабекова Р. Н., Менглиева Ш. Ю., Ташкент фармацевтикалық институты, Ташкент қ. т. б.

Музыкалық сүйемелдеумен жүргізушілер сахна төріне секция модераторларын, кафедра меңгерушілері М.М. Есіркеповты, С. К. Ордабаеваны, К. К. Орынбасарованы, Б.А. Сагиндыкованы, К.Д.Шертаеваны, Ж.С. Тоқсанбаеваны, Б.О.Торланованы, С.Р.Жакенованы, Г.Ж.Сарсенбаеваны, Ж.Ә.Қауызбайды, П.Д.Утеповты және т.б. шақырады, олар жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етеді.

Секцияларда жеңімпаздары:
Теориялық биомедицина және биология – студент Махамбетали Руслан (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы), жас ғалым Мукажанова Гульайым («Қарағанды медицина университі» КеАҚ, Қазақстан).

Биотехнология және нанотехнология: болашаққа көзқарас – студенттер Базарбай Гүлдария, Мақсатқызы Айда (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы), жас ғалым Мүсірепова Айжан (Пущинск мемлекеттік жаратылыстану-ғылыми институты, Пущино қ., РФ).
XXI ғасырдағы қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау – студент Каппасов Амир («Семей медицина университеті» КеАҚ), жас ғалым Таушанова Майя (Марат Оспанов атындағы БҚМУ, Ақтөбе қ,).
Табиғи дәрілік құралдар және оларды қолдану болашағы - Аңдасбек Айгерім (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы), жас ғалым Аскаров Акмалжан Нодирбек угли (Ташкент фармацевтикалық институты, Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы).
Дәрілер технологиясы: ізденулер және шешімдер – студент Никульшина Мария ( «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ), жас ғалым Жарқын Бақнұр (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы).

Дәрілік заттарды фармацевтикалық және химиялық-токсикологиялық талдаудың басым бағыттары – студент Mesbah Maryam (Шахид Бехести атындағы Медицина ғылымдары университетінің фармацевтика факультеті, Тегеран, Иран), жас ғалым Токарева Маргарита (И. М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті, Мәскеу қ., Ресей).

Тұрғындардың дәрілік қамтамасыздандыруды жетілдірудің инновациялық жолдары – студент Мырзашева Аида (М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы), жас ғалым Жанқозин Нұрхан (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы).
Конференцияның екі бөлімі мен 14 секциясында 300-ден астам қатысушы сөз сөйледі.
Үздік баяндамалар дипломдармен марапатталды. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

15.12.2021, 21:03
645 қаралым