БИНАРЛЫҚ ДӘРІС БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

2025 жылдың 21 сәуірінде дәрілер технологиясы және фармакогнозия кафедрасында 6B07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 3 курс ФӨТКАБ-01-22; В-ФӨТКАБ-02-22 топ студенттеріне «Табиғи дәрілік қосылыстар химиясы» пәні бойынша ашық бинарлы дәріс өтті. Бинарлы дәріс көптілділікті асыру мақсатында — мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді. Дәрісті фарм.ғ.к., профессор Орынбасарова К.К. мен бірге серіктес жоғары оқу орындарының визитинг-профессоры Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің ботаника және фитотерапия негіздері курсымен фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Кудашкина Н.В. өткізді.

Бинарлық дәрістер жоғары оқу орындары арасындағы өзара әрекеттесудің тиімді түрі болып табылады, оқу материалын терең игеруге, студенттердің ғылыми ой-өрісін кеңейтуге және оқытуда тәжірибеге бағытталған тәсілді қалыптастыруға ықпал етеді. Дәрістің бұл форматы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастар мен сараптамалық түсініктемелер алуға, сондай-ақ академиялық ынтымақтастықтың жанды үлгісін көруге мүмкіндік береді.

Дәріс жоспарына сәйкес қос лектор білім алушыларға биологиялық белсенді заттар тобы ретінде «Иілік заттар» ұғымының анықтамасын, олардың жіктелуін, негізгі физика-химиялық қасиеттерін, сапалық реакцияларын және таниндердің сандық анықтамасын егжей-тегжейлі айтып, түсіндірді.

Білім алушылардың ерекше қызығушылығын өсімдіктер әлемінде таралуы және олардың биологиялық рөлі, дәрілік өсімдік шикізатының медицинада қолданылуы, таниндерді талдау әдістері, оларды бөліп алу әдістері және басқа да көптеген сұрақтар туғызды

Дәріс соңында сұрақ-жауап түрінде білім алушылармен кері байланыс жүргізілді, соның арқасында осы дәріс барысында алған білімдері бекітілді.
Дәріс аяқталғаннан кейін академияның білім алушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы өз әсерлерімен бөлісті. Білім алушылар осындай қызықты және көп қырлы дәріс үшін қос лекторға алғыстарын білдірді. Дәріс академиялық ынтымақтастықтың жарқын көрінісіне айналды, студенттер мен оқытушылар арасында жанды жауап тудырды, тақырып бойынша білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылдың табысты тәжірибесін көрсетті.

Осылайша, серіктес ЖОО арасында бинарлы дәріс ақпараттық материалды тиімді қабылдау мен бекітуді қамтамасыз етті. Мұндай сабақтар білім алушыларға игерген пән бойынша білімді бірнеше рет қолдана отырып, білімді әрі қарай кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

25.04.2025, 12:19
37 қаралым