«Бинарлы дәріс» оқытудың белсенді әдісі ретінде

2023 жылғы 24 қазанда фармакогнозия кафедрасында 6В10106 "Фармация" білім беру бағдарламасы бойынша, "Фармакогнозия-1" пәнінен 3-курс В-ФКАБ-01-21; В-ФКАБ-02-21 топ студенттеріне арналған "Эфир майлары бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар" тақырыбында ашық бинарлы дәріс өтті.

Дәрісті фарм.ғ.к., проф.м.а. К.К.Орынбасаровамен бірге М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің биология және география кафедрасының доценті - Т.С. Ибрагимов оқыды.
Бинарлы дәрістің негізгі мақсаты- студенттерді ситуациялық жағдайға өз көзқарасын білдіру қабілетін қалыптастыру үшін ойлау процесінің белсенділігін арттыру. Бинарлы дәріс белсенді әдістердің бірі ретінде негізгі және бейіндік пәндерді, сондай-ақ проблемалық-бағдарланған оқыту элементтерін пәнаралық интеграциялауды мақсат етті. Сонымен қатар, дәрістің ұсынылған түрі бір уақытта бірнеше пәндер бойынша ақпарат алуды біріктірді, олардың дамуы студенттерде болашақта көп қырлы, өзара байланысты және өзара тәуелді кәсіби қызметтің тұтас бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Со-лектор доцент Ибрагимов Т.С. өсімдіктер әлемінде эфир майларының таралуы, өсімдік тіршілігіндегі эфир майларының рөлі, өсімдіктер үшін эфир майларының физиологиялық маңызы, дәрілік өсімдік шикізатындағы эфир майларының жинақталуы және олардың халық шаруашылығындағы экологиялық маңызы туралы егжей-тегжейлі баяндады. Лектор дәрілік өсімдік шикізатының макроскопиялық, органолептикалық және микроскопиялық белгілеріне, эфир майлары мен эфир майы шикізатының медициналық-биологиялық және халықтық-шаруашылық мәндеріне тоқталды.

Эфир майларының физика-химиялық қасиеттері, эфир майларын алу әдістері, сапалық анықтау әдістері (физикалық, физика-химиялық), эфир майларын стандарттау (сыртқы белгілері, эфир майының өзі екендігін анықтау, эфир майының сапалығын анықтау, эфир майындағы қоспаларын анықтау), Гинзберг, Клевенджер әдістерімен эфир майы құрамындағы компоненттерді сандық анықтау туралы студенттердің қызықтыратын сұрақтарын негізгі лектор Орынбасарова К.К. түсіндірді.
Лектор құрамында эфир майлары бар шикізатты жинау, кептіру, орамдау және сақтау ерекшеліктеріне тоқталды. Эфир майларының биологиялық белсенділігінің спектрі, медицинада қолданылатын препараттарын қарастырып өтті.

Өтілген дәрісті бекіту және қалдық білімді өзектендіру үшін бақылау сұрақтарын қоюмен кері байланыс орнатылды. Студенттер қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, белсенді қатысты, бұл тақырып материалын толық түсінгенін көрсетті.

Дәрісті қысқа уақыт ішінде өткізген кезде зерттелетін тақырыптың барлық аспектілері қозғалды, сонымен қатар әр студент өзін қызықтыратын сұрақтарға жауап таба алды. Оқытушылардың кәсібилігінің арқасында теория мен практиканы нақты уақыт режимінде салыстыруға болады.
Дәріс аяқталғаннан кейін студенттер мен оқытушылар өз әсерлерімен бөлісті. Студенттер осындай қызықты және көп қырлы дәріс үшін дәріскерлерге алғыстарын білдірді.

Осылайша, пәнаралық интеграция элементтері бар бинарлы дәріс фармацевттің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда нәтижелілікке қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мұндай сабақтар студентке әр пән бойынша білімді бір пәннен тыс бірнеше рет қолдана отырып, жаңа жағдайда білімді кәсіби қызметте қолдану қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

06.11.2023, 11:34
490 қаралым