Бинарлы дәріс
2016 жылдың 3 наурыз күні «Фармация» мамандығы бойынша 4 курс 403 және 404 ФК топтары (2 ағым) және 4 наурыз күні «Фармация» мамандығы бойынша 4 курс 401 және 402 (1 ағым) студенттерімен «Гомеопатиялық дәрілік құралдарды потенцирлеу негіздері. Қатты гомеопатиялық дәрілік препараттар технологиясы» тақырыбында кафедраның профессор міндетін атқарушы, фармация ғылымдары кандидаты Р.М. Анарбаева және профессор міндетін атқарушы, фармация ғылымдары кандидаты И.А. Мартынова ашық дәріс сабағынқазақ және орыс тілдерінде өткізді.
Дәрісті өткізу түрі «Бинарлы» жұптасып және көп (қазақ, орыс) тілде жүргізу аясында өткізілді.
Дәрісте студенттерге оқу материалын екі оқытушының бір-бірімен диалогтық қарым-қатынасы ретінде жеткізілуі орын алды. Тақырып бойынша теориялық сұрақтарды талқылау алдынғы курста өткізілген пәндермен, осы пәннің басқа тақырыптарымен байланысы негізінде құрылды, сонымен бірге проблемалық бағытталған білім берудің элементтері енгізілді.
Оқытушылар диалогы тақырыпты талдауда бірге іздену арқылы талқылау шыңына, студенттерді жұмылдыру, қарым-қатынасқа тарту арқылы, жетуі көрсетілді.
Бинарлы дәріс оқу барысында студенттердің бастапқы білімдері жаңа оқу материалдарын түсінуіне дәріскермен бірге жұмыс істеуіне көмектесті.
Топтар студенттері толығымен дәріс материалын игеруге белсенді қатысты.
Ашық дәріске қатысушы комиссия мүшелері жүргізілген дәріс түріне жоғары оқу орны талаптарына сәйкес келетіні және жоғары дәрежеде өткізілгені туралы баға берді. Материал ұғынуға жеңіл қол жетерлік, кез-келген аудиторияға түсінікті, сабақ өткізу алгоритімін кеңінен қолдануға және ағылшын тілінде де өткізуге ұсыныс жасалды және жоғары мектеп талаптарына толық жауап береді деген қорытынды жасалды.