«Білімді ұрпақ – ел болашағы»

2023 жылдың 08-ақпан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында «Педиатрия-2» кафедрасының ассистенттері Онласбекова Г.М, Адильбекова А.Т, Шагираева С.Қ ұйымдастыруымен «Жалпы Медицина» білім алушылары арасында «Baby health» білім сайысы өткізілді.
Білім сайысына, ОҚМА «Жалпы медицина» В-ЖМҚА-03-19, В-ЖМҚБ-03-19, В-ЖМҚА-04-19, В-ЖМҚБ-04-19 топтарының білім алушылары қатысты.
Сайыс жүргізушілері В-ЖМҚА/Б-19 топтарының білім алушылары Жолдасбек Әділет және Каримқызы Алтынай.
Білім сайысының мақсаты: пән бойынша өткен тақырыптарын бекіту, білім алушылардың білім деңгейін, ой-өрісін, өнерлерін, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.

Білім сайысында білім алушылардың білім деңгейін бағалаушы әділ-қазылар алқасы:
1. Ж.И.Сактаганов «Медицина» факультетінің деканы.
2. К.С.Кемельбеков «Интернатура деканатының деканы, PhD доктор» , «Педиатрия-1» кафедрасының меңгерушісі.
3. Ж.К. Жумабеков «Педиатрия-2» кафедрасының доценті.


Білім сайысы 5- кезеңнен тұрады.
«Таныстыру», «Жағдаяттық есеп», «Кім жылдам», «Денсаулық ағашы», «Өз өнерін көрсету» кезеңдерінен тұрады.
Білім сайысының нәтижесі бойынша топтарды марапаттау рәсімі өтіп, номинациялар мен дипломдар табысталды.
Білім алушы топтарға номинациялар берілді:


«Үздік таныстырылым» номинациясымен В-ЖМҚА-03-19 тобы марапатталды.
«Жүзден жүйрік» номинациясымен В-ЖМҚБ-03-19 тобы марапатталды.
«Білімді топ» номинациясымен В-ЖМҚА-04-19 тобы марапатталды.
«Үздік өнер» номинациясымен В-ЖМҚБ-04-19 тобы марапатталды.

 

Білім алушы топтарға жүлделі орындар берілді:
Бас жүлде: «Baby health» В-ЖМҚБ-03-19
1 - орын: «Happy kids» В-ЖМҚБ-04-19
2 - орын: «Мейірімді алақан» В-ЖМҚA-04-19
3 - орын: «Босс молокосос» В-ЖМҚА-03-19

Марапаттау рәсімінен соң, сайысымызды қорытындылау үшін «Педиатрия-2» кафедрасының доценті Ж.К.Жумабековке сөз берілді
Бұл сайыс білім алушыларға өте үлкен талпыныс пен білімге деген құштарлықтарын оятты деген сенімдеміз.

14.02.2023, 11:35
567 қаралым