БІЛІМ МАРАФОНЫ «INFECTION STAR»

2023 жылдың 18 қыркүйегі ОҚМА жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығы ағылшын топтардың арасында «INFECTION STAR» Білім марафоны өткізілді.
Білім марафонына қатысушылар: ЖМША-01-20, ЖМША-02-20, ЖМША-03-20, ЖМША-04-20 тобтар студенттері.
Марафон өткізудің мақсаты: «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша өткен тақырыптарды бекіту, студенттердің танымдық қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық белсенділік дәрежесін дамыту, дайындық деңгейін және студенттердің оқу бағдарламасын меңгеру дәрежесін бағалау.
Білім марафоны кезінде командалар өз топ мүшелерін таныстырып, эмблемаларын қорғап, «Капитандар жарысы», «Биатлон», «Білім ағашы», «Шын сурет- шын науқас», «Ең үздік видео» жарыстары өткізілді.

Білім марафонының нәтижесі бойынша топтарды марапаттау мен грамоталар табысталды: 1-орын «Doctors on duty» ЖМША-04-20 тобы, II-орын-«The red ribbons runners»:- ЖМША-03-20 тобы, III-орын- «P3- Plague protection» ЖМША-02-20. «Үздік эмблема» номинациясы бойынша: «The red ribbons runners»:- ЖМША-03-20 тобы, «Ең белсеңді қатысушы» номинациясы бойынша: - «Doctors on duty» ЖМША-04-20 тобы; «Үздік капитан» номинациясы бойынша: - «Ең үздік видео»-«Scrub squad» ЖМША-01-20 тобы, . Бұл марафон жалпы медицина мамандықтарына сабақ өткізудің тиімді түрі болды.

18.09.2023, 16:25
364 қаралым