Білім марафоны «INFECTION STAR»

2019 жылдың 2 қазан, 2 ноябрь және 21 ноябрь күні ОҚМА жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығы арасында «INFECTION STAR» Білім марафоны өткізілді.

1468 1

Марафон өткізудің мақсаты: «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша өткен тақырыптарды бекіту, студенттердің танымдық қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық белсенділік дәрежесін дамыту, дайындық деңгейін және студенттердің оқу бағдарламасын меңгеру дәрежесін бағалау.

Білім марафоны кезінде командалар өз топ мүшелерін таныстырып, эмблемаларын қорғап, «Капитандар жарысы», «Биатлон», «Білім ағашы», «Шын сурет- шын науқас», «Обаға қарсы костюм» жарыстары өткізілді.

1468 2

1468 3

Марафон нәтижесінде оқу жоспарының меңгерілуі жақсарды, пәнде қамтылған тақырыптар топтастырылып, студенттердің танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық белсенділігі жоғары дәрежеде байқалды.

1468 4

Білім марафонының нәтижесі бойынша топтарды марапаттау мен грамоталар табысталды:

1-орын:«ЖМОБ-09»,«ЖМҚБ-06» «ЖМҚБ – 04»тобтары.

2- орын: «ЖМОА-09», «ЖМҚБ-07» «ЖМҚБ – 05» тобтары.

3-орын: «ЖМОБ-10»,«ЖМҚА - 10», «ЖМҚА – 04» тобтары;

«Үздік эмблема» номинациясы бойынша: «ЖМОБ-08», «ЖМҚБ-07», «ЖМҚБ – 04» тобтары;

«Ең белсеңді қатысушы» номинациясы бойынша: «ЖМОБ-09», «ЖМҚА – 10», «ЖМҚБ – 03» тобтары;

«Үздік капитан» номинациясы бойынша: «ЖМОБ-08»,«ЖМҚА – 06», «ЖМҚБ – 03» тобтары.

1468 5

Бұл марафон жалпы медицина мамандықтарына сабақ өткізудің тиімді түрі болды.

07.12.2019, 11:22
233 қаралым