Білім беру интернационализациясы: тәжірибе алмасу, мәселелер және перспективалар

Осы жылдың 11 сәуірінде фармацевтикалық және токсикологиялық кафедрасының  ұйымдастыруымен "G-global" коммуникативтік алаңында on-line режимінде "Білім беру интернационализациясы: тәжірибе алмасу, мәселелер және перспективалар" бейнеконференциясы өткізді. 

964 1

Соңғы онжылдықта жоғарғы білімді интернационализациялау жаһандану үдерісінің дамуын көрсететін негізгі трендке айналды.  Білім беру жүйесінің интернационализациялау шетелдік студенттер ағымын көбейтіп қана қоймай, жалпы мемлекеттің де, бәсекеге қабілеттілікке ұмтылған жоғарғы оқу орнының білім беру жүйесінің дамуына серпін береді.

964 2

Білім беру жүйесінің интернационализациясының негізінде білім беру саласындағы халықаралық серіктестіктің әртүрлі идеялары жатыр, бұл идеялардың басым көпшілігі бүгінгі күні әртүрлі бағдарламалар ретінде іске асқан.

964 3

Конференцияда жоғарғы білім беру үрдісінің интернационализация аясындағы сұрақтары, сол тұрғыда ОҚМФА халықаралық серіктестігінің әртүрлі тұрпаттарын қамтитын  проблемалар талқыланды: 

студенттерді халықаралық қарым-қатынас тілінде оқыту; 

серіктес-жоғарғы оқу орындарына оқытушылар және магистранттардың тағылымдамасы; 

студенттердің академиялық ұтқырлығы;

Эразмус+ бағдарламаласының білім беру гранттары;

серіктес-жоғарғы оқу орындарынан жетекші ғалымдарды шақыру; 

бірлескен білім беру бағдарламаларын дайындау. 

964 4

Осыған байланысты халықаралық серіктестік аясында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының және жалпы ОҚМФА тәжірибесімен алмасты. 

964 5

Конференцияға on-line режимінде Коменский медициналық университеті  (Братислава, Словакия), И.М. Сеченов атындағы Бірінші Москва мемлекеттік медицина университеті (Мәскеу, Ресей Федерациясы), Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (Уфа,  Башқұртстан Республикасы), С. Асфендияров атындағы Казақ ұлттық медицина университеті, «Астана» медицина университеті, Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінен атақты ғалымдар мен оқытушылар қатысты. 

13.04.2017, 08:04
444 қаралым