«БІЛІМ БЕРУ БАРЫСЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУҒА: МҮМКІНДІКТЕР ЖӘНЕ ҚАУІПТЕР» АТТЫ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

2024 жылдың 14 наурызында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраларының ұйымдастыруларымен әдістемелік семинар өткізді.
Әдістемелік семинардың мақсаты: оқыту үдерісіндегі оқытушы мен жасанды интеллекттің ынтымақтастығын жүзеге асырудың әдістері мен бағдарламаларын тиімді пайдалану.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Утегенов Бахыт Дауытбекович «Оқыту үдерісіндегі оқытушы мен жасанды интеллекттің ынтымақтастығын жүзеге асыру» атты тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Семинар барысында тарих сабақтарында ChatGPT тиімді пайдалануды, ChatGPT- АІ көмегімен оқытудағы революциялық жаңалық ретінде білім алушылардың білім сапасының жоғарлауына мүмкіндік беретіндігі нақталанды. Жасанды интеллект нейрожүйелер оқыту үдерісінің жақсы көмекшісі бола отырып, сабақ сапасын арттыруға мән береді.
Сонымен қатар, ChatGPT-ты қоғамдық пәндерде, соның ішінде тарих сабақтарында қолдану білім алушыларға материалды терең оқып үйренудің жаңа және тиімді тәсілін бере алады. Бұл технология сабақты толықтырып қана қоймай білім алу үдерісін аса интербелсенді және тартымды етеді.

15.03.2024, 15:11
304 қаралым