Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу

788 1

2016 жылдың 13-14 маусым аралығында ШЖҚ РМК «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» 6R111500 – «Невропатология, сонымен қатар балалар» резидентура мамандығы және 6R114200 – «Педиатрия» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын мамандырылған аккредиттеу рәсімі шеңберінде БСҚА сараптау тобының сыртқы сапары өтті.

788 2

788 3

Топ жетекшісі – халықаралық сарапшы, Ұлттық медициналық университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының докторы (Киев,Украина) Т.М.Черенько, топ мүшелері – Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің үздіксіз кәсіби даму факультеті «Педиатрия және балалар хирургиясы» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, доцент Б.А.Абеуова, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің «Жүйке аурулар» кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жоғары санатты дәрігер Г.А.Мұхамбетова, жұмыс берушілер өкілдері – Облыстық балалар клиникалық ауруханасының емдеу жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары (Шымкент қ.), ОДСБ ОҚО штаттан тыс балалар невропатологы А.Ш.Билялова және студенттерінің өкілі – «Невропатология, сонымен қатар балалар» мамандығының 1 оқу жылы резиденті Баймаханова Гүлзира.

788 4

788 5 

Сараптау тобының үйлестірушісі – медициналық ұйымдарын аккредиттеу бойынша бас үйлестіруші, биология ғылымдарының докторы, профессор Б.С.Имашева.

16.06.2016, 01:35
428 қаралым