Білім алушылармыз IV Халықаралық интеллектуалды «Что? Где? Когда?» турнир - ойынында жеңіске жетті
2024 жылы жарияланған Ресейдегі Отбасы жылына арналған «SCIENTIA VINCES!» - «Знание победит!» ұранымен «Familia omnibus praestat - Семья превыше всего» тақырыбында ұйымдастырылған Халықаралық Россия, Белоруссия, Қазақстан медициналық колледждері арасында ұйымдастырылған «Что? Где? Когда?» атты интеллектуалды ойынына қатысуға біздің медициналық колледжіміз Ресей Федерациясының ГБПОУ ПО «Великолукский медицинский колледж» колледжінен шақырту алып, 12 желтоқсан 2024 ж. күні 11:00 Москва уақытымен қашықтықта онлайн арқылы өтетін турнирге қатысып бағымызды сынауға бел буған болатынбыз.
Біздің командамыз 4,0 ұпаймен III - орынға ие болды!
«Команданың үздік ойыншысы» номинациясын Командамыздың капитаны Урманова Хадиджа Улыкбековна жеңіп алды!
«Ең қызықты сұрақ» номинациясында командалық дауыс беру нәтижесі бойынша 1-ші орынға ие болдық!
Студенттеріміз Ресей мен Беларуссияның медициналық колледждерінің студенттерімен сайысқа түсті, барлығы 5 команда қатысты.
Турнирге қатысуға логикалық ойлау қабілеті мен түйсігі жақсы студенттер таңдалды: Урманова Хадиджа Улугбековна, Тиллеходжаев Сайдыакбар Сайдымухамедулы, Соболев Никита Константинович, Абдиохап Сапар, Айдархан Аян Саматович, Каримова Насиба Алымжановна. «Мейіргер ісі – 2» кафедрасының оқытушылары кафедра меңгерушісі Айбекова Гүлнұр Нұржанқызының жетекшілігімен студенттерді турнирге дайындады.
Ізденімпаз, зерделі студенттерден құралған команда ойыншылары үздік команда атағына таласты. Миға шабуыл арқылы ойыншылар шектеулі уақыт ішінде қиын сұрақтарға жауап беруге тырысты. Әрбір сұрақ қызу талқылаулар мен шынайы эмоцияларды тудырды, ал командалар жауаптарды мүмкіндігінше тез және дәл табуға тырысты. Ойынға қатысушылар өздерінің жоғары деңгейдегі білімдерін, стандартты емес есептерді шығару дағдыларын көрсетіп, ой-өрісін кеңейтіп, көңілді уақыт өткізді!
Турнирді ұйымдастыруға бағыт – бағдар берген Ресей Федерациясының ГБПОУ ПО «ВМК» медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Козякова Галина Валентиновна ойын соңында біздің командаға жылы лебізін жеткізді: Сіздердің командаларыңыз өте жақсы ойнады, 5 команда арасында 3-орынға ие болды, 2-ші орыннан 0,5 баллға ғана артта қалды. Жарайсыздар! Команда өте әдемі, сыпайы және мәдениетті ойнады, бұл сіздер туралы өте жағымды ой қалдырды» - деді.