Білім алушыларға қоғам дертінен сақтандыру мақсатында «Лудомания ХХІ ғасыр дерті: мәселесі және шешу жолдары»

«Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Оразымбетова З.Ш. және Ертаев М.А. ұйымдастыруымен ФӨТҚАБ-01-22 тобымен «Лудомания ХХІ ғасыр дерті: мәселесі және шешу жолдары» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Лудомания – құмар ойындарға потологиялық әуестігі бар адамдардың дерті. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауруды ресми түрде мойындаған.
Аталған дертке ұшыраған адамның бойында әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтар құлдырап, адамгершілік қасиеттері жойыла бастайды. Бұл проблеманың біздің елде де өткір тұрғаны белгілі. Соңғы үш жылда қазақстандықтар құмар ойындарға 1 трлн. теңгеден астам қаражат салғаны бойынша да ақпараттар айтылды.
Тәрбие сағаты соңында білім алушылар өздерінің сауалдарын қойып, қажетті ақпараттарын алды.

03.06.2024, 10:47
413 қаралым