Білім алушылардың кәсіби құзыреттерін ҚММУ қабырғаларында бекіту
Жоғары оқу орындары арасындағы меморандум негізінде «Фармация» ББ 4 курс білім алушылары И. К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясында (ҚММА, Бішкек) «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік практикасынан өтті.
Біздің білім алушыларды ҚММА ректоры, профессор И.О. Құдайбергенова жылы қарсы алды. Кездесу барысында академиямыздың жоғары материалды-техникалық базасын атап өтіп, ҚММА-ның Стратегиялық даму жоспарымен бөлісті. Кездесуден кейін білім алушылар Академияның құрылымдық бөлімшелерімен танысып, жетекшілік ететін практика кафедрасы – фармакогнозия және дәрілік заттар химиясының профессор-оқытушыларымен кездесті. Кафедра меңгерушісі А. Д. Мұратәлиева екі кафедра арасындағы жоғары жемісті ынтымақтастықты атап өтті, кафедраның оқу, әдістемелік және ғылыми жетістіктермен таныстырып, дәрілік өсімдіктерді өсірудің өндірістік алаңдары бойынша экскурсия өткізді.
Өндірістік практика ҚР ДСМ Дәрілік заттар және медициналық бұйымдар департаментінің жанындағы Орталық бақылау-аналитикалық зертханасында (ДЗжБД ОБАЗ) өтті. ОБАЗ Қырғыз Республикасының Ұлттық аккредиттеу жүйесіндегі Қырғыз аккредиттеу орталығымен МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігінің жалпы талаптары» сәйкестігіне аккредиттелген.
Біздің білім алушылар өндірістік практика жоспарын толығымен орындады. Кәсіптік дағдыларды бекіту үшін студенттер екі шағын топқа бөлініп, зертхана мамандарының басшылығымен химик-аналитик рөлін атқарды: жұмысшы және стандартты ерітінділер дайындады, Халықаралық, Еуропалық, Британдық фармакопея, ЕАЭО, РФ фармакопеясы және өндіруші фирмалардың НҚ талаптарына сәйкес субстанциялар мен дәрілік препараттардың сапасына бақылау жүргізді. Дәрілік препараттардың сапалық көрсеткіштерін анықтау үшін "Erweka" фирмасының ыдырағыштық, еру, үгілгіштік тестерлерінде, "Shimadzu" спектрофотометрінде, "Agilent technologies" жоғары эффективті сұйық хроматографында және т.б. жұмыс істеді.
Білім алушылардың мәдени бағдарламасы да мазмұнды болды. Студенттер Қырғызстан Республикасының Ұлттық музейіне, Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйінде, Алатау алаңына, Панфилов саябағына, "Супара Чункурчак" этно-кешеніне және т. б. барды.
ОҚМА басшылығына, ҚММА ректоры, профессор И.О. Құдайбергенова, фармакогнозия және дәрілік заттар химиясы кафедрасының меңгерушісі А. Д. Мұраталиева, Орталық бақылау-аналитикалық зертхана меңгерушісі С. Т. Қыдыралиеваға өндірістік практиканы жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және студенттеріміздің кәсіби өсуін дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін ерекше алғыс білдіреміз.